Қазыбек Келдібекұлы – 1667 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген (нақты туылған жері белгісіз). Балалық шағын Қаратау мен Ұлытауда өткізді. Жас кезінен бастап, өзінің өткір ақыл-ойымен және терең білімімен ерекшеленген. Көптеген аңыз-әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен жақсы таныс болған. 14 жасында қазақ елшілерімен бірге, Жоңғар ханы – Сыбан Раптанмен келіссөздер жүргізуге аттанды. Өзінің батылдығының және шешендік өнерінің арқасында, халықтан ұрланған мүлікті елге қайтарып, тұтқындарды босатты. Оның шешендігіне таң қалған Сыбан Раптан, болашақ биді «қаз дауысты» деп атап, бұл ат Қазыбек бидің өмірінің соңына дейін сақталып қалды.
Биылғы, 2022, жылы Қазыбек бидің туғанына 355-жыл толуда, осы мерейтойга орай 28 қазан №2 Бескөл орта мектебі кітапханасында 6-сынып оқушыларымен "Ұлт рухы және дәуір нышаны" атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында балаларға Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың өмірбаяны, жастайынан ел билігіне араласқан жетістіктері туралы айтылып, шешендік сөздері туралы шағын бейне ролик көрсетілді.