БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры_______ Б.К.Батанова
«___» ____ 2022 ж.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Жас Ұлан» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
1.2. «Жас Ұлан» – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
1.3.«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
1.4.«Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
  1. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
2.2.«Жас Ұланның» міндеттері:
– Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
– балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
– танымдық жұмыстарды ынталандыру;
– балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
– жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
  1. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:
тәрбиелік;
– танымдық;
– коммуникативтік;
– әлеуметтік;
– ақпараттық;
– шығармашылық.
3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:
– азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
– еріктілік және қол жетімділік;
– ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
– ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
– қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
  1. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
4.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.
4.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.
Ту – тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.
Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.
Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.
Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушы мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.
4.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.
4.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.
4.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.


Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


Жас ұландар әні
Әні мен сөзін жазған
Ұ. Ж. Жаналиева
  1. Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
  1. Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
















“Жас Ұлан” және “Жас Қыран” ұйымдарының ресми нышандары
«Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн – жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі.
«Жас Ұлан» белгісі. Дөнгелек шар тәрізді форма. Шар – өмір мен мәңгіліктің бейнесі. шардың жоғары жағында орнамент сипатындағы өрнек – бұл қазақстанның төбесінді мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы. Алтын адамға қоса өрнектелген ою өрнек – қазақ елінің салт-дәстүрінің жарқын бейнесін сипаттайды.
«Жас Ұлан» галстугі. Атлас матадан тігіледі. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс – жастарымыздың білімі теңіздей терең, бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі.