Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетінін естеріңізге саламыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы:
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
- баланың 3х4 өлшемді фотосуреті
- денсаулық жағдайы туралы анықтама № 065/у нысаны (Профилактикалық егулер картасы)
- денсаулық жағдайы туралы анықтама № 026/у-3 нысаны