2023 жылғы 16 мамырда "Түнгі қаладағы балалар" профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен рейд ұйымдастырылды, онда
Қызылжар ауданы ЖПҚБ кәмелетке толмағандар істер жөніндегі полиция учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.К. Какжанов,
"№2 Бескөл орта мектебі" КММ әлеуметтік педагог - Д. С. Бакбасарова, "№3 Бескөл орта мектебі" КММ әлеуметтік педагог –С. М. Ахметжанова.
және психолог-Қажымұратов Э.С. қатысты.
Рейд барысында көшелер, ойын-сауық орындары, ойын алаңдары, тамақтану орындары, балалар көп шоғырланатын аймақтар,
түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүрген оқушыларды анықтау үшін тексеріс жүргізілді.
Рейд нәтижесінде 23.00-ден кейін қоғамдық орындарда жүргені үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабына сәйкес
2-бөлігі бойынша спорттық алаңдардың бірінде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған екі жасөспірім тәртіп сақшыларымен анықталды, заңды өкілдері жауапқа тартылды.