6.11.2023 ж. «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында жалпы мектепішілік жиында оқушыларды "Алтын сақа" ойынымен таныстырып өтті. 2 тоқсан «Алтын сақа» олимпиадасына арналады.
#2ТОҚСА #АЛТЫН САҚА
«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Біздің ұлтымыздың дәстүрлері мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы.
Қазақстанда соңғы жылдары ұлттық ойындарға, оның ішінде асық ойындарына деген қызығушылық қайта жандануда. Балалар мен жастар асық ойнауға және өзінің қырағылығын тексеруге көбірек ниет білдіруде. Асық ойнау – бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, оқушылардың логикалық ойлауына оң әсер ететін спорт. Ұлттық ойындарды өткізу балалар мен жастарды тәрбиелеудің маңызды құрамдас болып табылады.