2023 жылдың 06 қазан күні №2 Бескөл орта мектебінің мектепалды сынып оқушылары Қызылжар ауданындағы балалар кітапханасына «Бір отбасы-бір кітап» атты тақырыпта экукурсияға барды. Балалаларды кітапханада жақсы көңіл күйде қарсы алды. Барабаш Наталья Александровна – аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі және де кітапханашылар: Андагулова Тамара Тулькубаевна, Бюрекбаева Айсулу Аскаровна кітапханаға экскурсия жүргізді. Кітаптардың тақырыбы мен жасына қарай сөреде екенін айтты. Кітапханада көптеген тақырыптық стендтер мен шығармалардың кейіпкерлері бар екендігін, кітапты қалай дұрыс ұстау керектігі туралы айтты. Олар балаларды оқу залына барып, өздеріне ұнайтын кез келген кітапты алуға шақырды. Ол жерде балаларға қатты ұнады. Олармен әңгімелесіп, ертегі ойынын ойнады. Бюрекбаева Айсулу Аскаровна балаларға жаңа кітаптар туралы әңгімелеп, балаларға арналған журналдардың соңғы нөмірлерімен таныстырды.балалармен түрлі викториналар өткізді. Кітапханашы тәтелер балалармен бірге «Шалқан» ертегісін саханалады. Балаларға қатты ұнады,көңіл күйлері көтеріліп барлығы бақытты болды. Кітапханашы оқушыларға кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет берді. "Кітаппен бірге өсеміз", "Ертегілер әлемі", " Балаларға базарлық" атты кітап көрмелерімен таныстырды. Экскурсия шамамен бір сағатқа созылды, бірақ біз, ересектер де, балалар да бұл уақытты байқамадық, өйткені қызықты әңгіме бізді қызықтырды. Барлығы бақытты, көңілді, көп уәде беріп үйлеріне қайтты.