Қазақ әдебиетінің тарихында кезінде Ғабит Мүсірепов «Алыптар тобы» деп атаған ғажайып бір ұрпақ бар, Олар — XX ғасыр басында Ахмет пен Міржақып шақыруымен оянып, қазақ халқының отаршылдық өзгіден азат болып, тәуелсіздік алуына, білім-өнер жолына ұмтылуына айрықша ынталы және үлес қосқан топ. Ахмет бастаған бір топ (Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек) ертерек репрессияға ұшырады да, қалғандары (Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит) қазақтың жаңа әдебиетін жасауға белсенді қатысты, халық емірінің барлық саласына араласып, ел болудың қамы үшін тер төкті. Олардың осындай ерлік еңбегін көзімен көріп, соған куә болған Ғабиттің «Алыптар тобы» деп атайтыны да осылар. Ал осылардан азғана кіші, әдебиетке сәл кеш келгенмен олар бастаған ояну дәуірін бірге кешкен бізде екі үлкен жазушы тағы бар, Олар — Ғабит пен Ғабиден. Түйдей құрдас екеуі әдебиетке де бір шамада (жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында) келді де, әр түрлі жағдайлармен өмірден ерте озған ағаларының арманын арқалап, ұзақ (83 жыл) өмір сүрді, Әдебиетте өлмес ірі туындылар қалдырып, көздері тірі кездің өзінде классик екендіктерін мойындатып кетті. Халқының құрметіне бөлеңді. Ғабиден 1902 жылы Теміртау жеріне таяу Жауыр тауы, Нұра өзені жағасындағы Сарытөбе деген елді мекенде дүниеге келген. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шыққан. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы «Өмір не өлім» 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндіріс тақырыбына «Алыптың кереметтері» (1936) очеркі мен «Керуен» (1938) атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағы алғашқы күрделі туындылардың бірі болды. Осы және өзге де шығармаларымен, өмірбаянымен 30 қараша 2 Бескөл орта мектебі кітапханасында 8-сынып оқушылары Ғабиден Мұстафиннің 120-жылдығына арналған іс-шарада таныс болды.