"№2 Бескөл орта мектебі" КММ бітіруші сынып оқушыларына "ҚР Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Қызылжар ауданының полиция бөлімі"ММ Ашық есік күніне ерекше мүмкіндік берілді.
Полиция подполковнигі Жумагазин Болат Дауренович полиция қызметкерлерінің өз қызметінде атқаратын міндеттері туралы айтып берді.
Балалар бөлім бойынша экскурсия өткізді. Ұлдар мен қыздар полиция қызметкерлерінің күнделікті өміріне сүңгіп, жұмыс үрдісімен ғана емес, қызметкерлердің дене шынықтыруды қалай қолдайтындығымен, олар үшін қандай тұрмыстық жағдайлар жасалғанымен танысты. Бейнебақылау жүйесі, арнайы құралдар мен қару-жарақ оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Барлық ниет білдірушілер қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде пайдаланылатын полиция қызметкерлерінің киімін киіп көре алды.