Ерте замандардан қазақ халқы қонақжайлығымен өзге ұлттарды баураған. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау орта ғасырлардың өзінде Орта Азия, көршілес ұлт пен халықтармен етене жақын болған. Қазақстан көпұлтты ел екені белгілі, ресми статистикаға сүйенсек, елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Еліміз ұлттар достастығы мәселесіне ерекше назар аударады. Осы мақсатта бір емес, бірқатар республикалық мейрамдар бекітілген.
1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйек күні болып бекітілді,
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді. Қазақстан халқы тілдері күніне орай Бескөл орта мектебі кітапханасы аудандық балалар кітапханасымен бірлесе "Тіл - адам жанының кілті" атты іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға Бескөл орта мектебінің 5-сынып оқушылары қатысып, өздерінің алғырлықтарын, білімдерін, тілге деген құрметтерін көрсетті.