Іс-шараның басында оқушылар «Ахмет Байтұрсынов – ұлы ұстаз» атты бейне материалымен танысты. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, қызықты тапсырмаларды орындады. Попова Анастасия мен Растенова Алина Ахмет Байтұрсыновтың «Қарға мен түлкі» және «Қасқыр мен қозы» мысалдары бойынша «Комикс» салды. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Жедел жауап» тапсырмасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жарысып жауап берді. Келесі тапсырмада оқушылар өз білімдерін ортаға салып, «Сөзжұмбақ» сұрақтарына жазбаша түрде жауап берді. «Мысалды тап» деген тапсырмада Ахмет Байтұрсынұлы аударған «Екі шыбын», «Қарға мен түлкі», «Маймыл мен көзілдірік», «Өгіз бен бақа» мысалдарын тыңдап, мазмұны бойынша атауын тапты. Қорытынды ретінде «Сұрақ-жауап» сайысында екі топтың оқушылары өз қарсылыстарына сұрақтар қойып, жауап беріп жарысты.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадеева Ақмарал Шатиковна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тургунбаева Назгуль Калеловна және тәлімгер Бақбасарова Динара Сериковна қазылар алқасы ретінде қорытынды жасап, жеңімпаздарды атады. І топ «Алаш» - 69 ұпай, ал ІІ топ «Жеңіс» 66 ұпай жинап алды. Осы ісшараға 11 «Б» сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Ахмет Байтұрсынұлының тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып, үйренуіміз керек. Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Викторинаны дайындап өткізген: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Адильшина Сауле Сактагановна.