16 қазан - Дүниежүзілік НАН күні аясында "№2 Бескөл орта мектебі" КММ-де 1-11 сынып оқушылары арасында мектеп әкімшілігінің ұйымдастырумен "Ас атасы - нан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Қазақ халқы нанды қатты қадірлеген. Халқымызда "Ас атасы - нан" бекер айтпаған. Нан — әлемде көпшілік тұтынатын тағамдардың бірі. Адамдар күн сайын ертемен нанмен қуаттанып, тіршілігін бастайды.
Тәрбие сағатының мақсаты - балаларға ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар "Нан дастарханға қалай келді?" викторинаның сұрақтарына жауап берді. Оқушылар алған әсерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты.