14 -18 тамыз аралығында №2 Бескөл орта мектебінде «Балақайлар мектебі» мектепке даярлау курсы өтті. Бұл курстың мақсаты мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бірінші сынып оқушыларының оқуға деген ынталарын арттыру, зияткерлік, эмоционалдық, еріктік дайындығына ықпал ету, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Күнделікті балақайларды әсем әуенмен, қызықты ойындармен, жақсы көңіл күймен қарсы алып, тартымды сабақтармен мектепке деген қызығушылықтарын арттырды.