9 мамырда ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аумағында жыл сайын бүкілхалықтық мереке – Жеңіс күні атап өтіледі. Жеңіс күні - жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық.
Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар. Ұлы Жеңіс Күніне орай 5 мамыр 2 Бескөл орта мектебі кітапханасында іс-шара өтті. Іс-шара барысында балаларға Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер оқылып, балалар Отан туралы өлең жолдарын оқып, түрлі көңілді ойындар ойнатылып, іс-шара соңында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған отандастарымызды 1 минут еске алумен аяқталды.