"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында қазанның жиырмасы күні "Ұлы даланың ұлы есімдері" тақырыбында аудандық кітапхананың кітапханашыларымен кіріктірілген Қожаберген жыраудың құрметіне тәрбие сағаты өтті. Кештің соңында кітапханашы Айнагүл Сабит оқушыларға әдеби жанрда дайындаған сұрақ-жауаптарымен бөлісті. Оқушылар білімдерін шыңдап, кітапханашыларға алғыстарын білдірді.
#Біртұтас_тәрбие