Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Қазақстан халықтарының бірлігі Күні мерекесі қарсаңында 27.04 №2 Бескөл орта мектебі кітапханасында "Ұлттардың бірігуі әлемді құтқарады" атты патриоттық сағаты өтті.
Патриоттық сабақ барысында баларға мерекенің шығу тарихы туралы қысқаша түсініктеме жүргізіліп, викториналық сұрақтар қойылып, аяқталу барысында бейбітшілік символы аталатын көгершін құсының суретіне балалар Отанымызға деген тілектерін жазып Қазақстан картасына жапсырды.