2023 жылдың 1 маусым күні №2 Бескөл орта мектебінде түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі өлеңдерімен басталды.Алғы сөзді мектеп директоры Б.К.Батанова алып, түлектерге ақ жол тілеп, алдағы сыннан жоғары білім деңгейін көрсетіп, сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. 9-11 сынып оқушыларына мақтау қағаздары тапсырылып, аудан намысын қорғап, жетістіктерге қол жеткізген оқушылар мен түлектерге аудандық спорт мектебінің атынан мақтау қағаздары тапсырылды.
Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кілтін тапсырды. Осыдан кейін, мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді. Кезекшілік ұйымдастырылып, ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.