11.09.2023 ж. №2 Бескөл орта мектебінде «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында "Айтыс-сөз сайысы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гарипова Бақытгүл Жанатқызы оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп және белгілі ақын айтыскерлердің өмірбаянымен таныстырып өтті. Тәрбие сағатында көрнекіліктер орынды қолданылды.Аудиожазбадан айтыстың түрлерін тыңдатып,оқушылар қайталап орындап отырды. Тәрбие сағатының қорыту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап берді. Оқушылардан керібайланыс алынды.