22 қыркүйекте № 2 Бескөл орта мектебінде тілдер онкүндігінің жабылуы өткізілді. Онкүндік түрлі іс-шараларға толы болды. Жиында мектеп оқушылары тіл білімі мұғалімдерімен бірлесе отырып, тілдің адам өміріндегі маңызын көрсетті. Оқушылар орыс және қазақ тілдерінде өлең оқыды, 11 сынып оқушысы Ольга Жолудева Шекспирдің сонетін ағылшын тілінде оқыды, 9 сынып оқушысы Еслямов Даниял күй орындады. Онкүндіктің жабылуы 11 сынып оқушыларының орындауындағы көңілді бимен аяқталды. Тілді қорғаңыз, өйткені ұлы орыс жазушысы А. Куприн айтқандай:"Тіл - өркениет пен мәдениеттің жолы".