"№2 Бескөл орта мектебі" КММ-де барлық оқушыларға ыстық тамақ беру үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 517. Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары – 100 % ыстық тамақпен қамтылды. 2023-2024 оқу жылында 1-4 бастауыш сынып оқушылары мемлекет тарапынан тегін тамақтанады.
5-11 сынып аралығынан - 40% мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
5-11 сынып аралығынан - 40% мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Бір реттік ыстық тамақтың құны 500 теңгені құрайды. Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларға арналған ыстық тамақтың қажеттілігі түсіндіріледі. Мектептің медицина қызметкері келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасының сақталуын, тамақ өнімдеріне сертификаттардың болуын, дайындалған тағамдардың сапасын, сақтау мерзімдері мен шарттарының, дайын тағамдардың болуын, сақталуын, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық мәзірге сәйкестігін, асхананың санитарлық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп отырады.