2023 жылғы 15-16 ақпаннан бастап "№2 Бескөл орта мектебі" КММ мектеп медицина қызметкерлері Н.М. Гаппасова "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар" өткізді. Оқушылармен диктанттар, әңгімелер өткізілді, слайдтық ақпараттық презентациялар көрсетілді.
Нұрсұлу Маралқызы бастауыш сынып оқушыларымен таза қол туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Ол балаларға таза тері қорғаныс функциясын жақсы орындайтынын, ағзаға патогендердің шабуылымен күресуге көмектесетінін еске салды. Микроскоптың көмегімен микробтардың саны мен әртүрлілігін көрсетті. Балалармен бірге қарапайым гигиеналық дағдының болмауы адамның қандай салдарға әкеп соқтыратынын талқылады.