7.09.2023 ж. біздің мектептің мәжіліс залында Назарбаев Университетінің өкілдерімен бітіру сыныптарының дәстүрлі кездесуі өтті.
Назарбаев Университетінің өкілдері студенттерді қабылдау департаментінің бас маманы Айжан Сабырбекова мен Нұржан Омарбеков- студенттерді қабылдауды басқару кеңсесінің бас менеджері қызықты презентациялар өткізіп, оқу бағыттары мен оқуға түсу талаптары туралы ақпарат ұсынды. 11 сынып оқушылары құжаттарды тапсыру және емтихан өткізу мерзімі туралы толық ақпарат алды. Кездесу соңында студенттердің университетке бакалавриат бағдарламаларына түсуіне қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.