2023 жылғы қыркүйек айының 27—сі мектеп Парламентінің қамқорлық (еріктілік) фракциясының волонтерлары Бескөл кентінде тұратын жалғыз басты қария Ғазиза Рашидовнаға мекен-жайлық көмек көрсетті! Ауланы тазалап, бау бақша өнімдерін жинау сексенге келген Ғазиза әжемізге қиындық соқтырып жүр екен, волонтерлар бұл істі тындырып қана қоймай, сонымен қатар үй шаруасынада қол ұшын созды. Барлық жұмысты бітірген соң волонтерлар апаның қал жағдайын біліп, бата-тілектерін алды.