2023 жылдың 1 қыркүйек күні "Мектебім - мейірім мекені" атты тақырыпта салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын қонақтары: Қызылжар аудан әкімінің аппарат басшысы Қ.С. Сарбалинов, мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Жиынды құттықтау сөзімен ашқан мектеп директоры Б.К. Батанова өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, білім әлеміне қадам басқан 1 сынып оқушыларына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Сердалина құттықтап, оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті.
Соңғы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 11-сынып оқушыларына Ахметжанов Диас, Жолудева Ольга және 1-сынып оқушыларына Құрманбай Мөлдір, Сумин Давидқа берілді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.