"Күзгі ертегі" - бірінші сынып оқушыларының мерекесі осындай атаумен өтті. Мектеп Парламенті балаларға қызықты, көңілді ертегі қойды. Ертегі кейіпкерлері: күз сұлуы мен зұлым Баба Яга. Күз қайғырмас үшін біздің бірінші сынып оқушылары ертегіге белсенді қатысты.1 "Б" сыныбы "Шалқан" Ертегісін қойды. 1 "Г" және 1 "В" сынып көріністер көрсетті. Баба Яга балалармен түрлі жарыстар мен ойындар өткізді. Күз балаларға тәттілер таратты. Бірінші сынып оқушылары өте риза болды.