Құндылық «Ұлттық мүдде». «Ар талапты, озық ойлы ой ұлан» жоба аясында мектебімізде «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өтілуде. Акцияға 3 «в» сынып оқушылары — Кадермятова Злата, Конюшевская София, 7«б» сынып оқушылары—Есентемиров Ильдар, Ткачева Варвара қатысты. Мемлекеттік тілде сөйлеп, ұлы ақындардың өлеңдерін жатқа айтып, қазақ тілін білетіндерін құрметтейтіндерін көрсетті. Оқушыларды акцияға қатыстырған ұстаздар: Гарипова Б.Ж., Мажкеева Д. К.