Жыл сайын даниялық ұлы ертегіші - Ганс Кристиан Андерсен туған күнінде бүкіл әлем Халықаралық балалар кітабы күнін атап өтеді. Оны мерекелеу 1967 жылы Жастар кітаптары жөніндегі халықаралық кеңестің (IBBY) бастамасы мен шешімімен белгіленді.
Бұл күні шараны ұйымдастырушылар жастайынан жақсы кітаптарды оқу керектігін ерекше ықыласпен атап өтіп, балалар кітаптарының Жердің жаңа ұрпақтарының рухани және зияткерлік бейнесін қалыптастырудағы тұрақты рөлін насихаттайды... Сондай-ақ бұл күннің мақсаттары арасында әдебиетке, кітап өнеріне және балаларға арналған кітап мәдениетіне, балалар кітаптарының қолжетімділігі мен балалар оқуын тарату мәселелеріне назар аудару болып табылады. Халықаралық балалар кітабы күніне орай 3 сәуір күні Бескөл орта мектебі кітапханасында "Көп оқитын балалар - бәрінен де ақылды" атты кітапханалық сабағы өткізілді, сабақ барысында балаларға кітап туралы қызықты әңгімелер айтылып, жұмбақтар шешілді.