Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қызу қуаттайды. Ел президентінің бұл бағдарламалық мақаласын насихаттауға ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда басты мақсат адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі - Кітаптың құдіретін таныту.
Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, 2 Бескөл орта мектебі кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастыруды қолға алуда. Мұндағы мақсат – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту.