Президент сайлауы 2023 жылдың 21 қазанда өтті. Дауыс беру өзін-өзі басқару Президентін сайлау туралы Ережеге сәйкес өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша мектеп Парламентінің президенті болып 10 "б" сынып оқушысы Умурзакова Бикамаль сайланды.
Бикамаль педагогикалық ұжым, мектеп оқушылары алдында Президенттің антын айтып, сайлаушыларға жоғары сенім білдіргені үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Мерекелік іс-шара барысында қатысушылар жыр жолдарынан, әсем ән-күй мен биден шашу шашып, ұлттық дәстүрлермен білім қоржындарын толықтырды.
Мектебіміздің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тургунбаева Назгүл Қалелқызы қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады. Оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.