5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.
Бұған дейін 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған.
«Қазақстан халқы тілдері күнін» мерекелеудің негізгі мақсаты - Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды,тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу және Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің осындай киелі қасиеттерімен тығыз байланысты екендігін насихаттау болып табылады.
№2 Бескөл орта мектебінің қабырғасында, осы мерекеге орай салтанатты түрде іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шараның барысында, мектеп оқушылары тіл туралы қызықты деректермен таныстырылды. 11 «А» сынып оқушысы Ахметжанов Диас Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін ұсынды. Аудандық шет тілдері сайысының жеңімпазы, Касимова Арайлым Шекспир өлеңінен үзіндіні ағылшын тілінде айтты. 4 «А» сынып оқушылары «Атамекен» әнін орындады. Оқушыларды Қазақстан тілдер күніне жоспарланған іс-шалармен жүргізушілер екі тілде таныстырыды.