Ұлттық құндылық бағытында "Төрт тоқсан— төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында І тоқсан айтыс өнеріне арналып отыр. Соған орай мектебімізде "Қазақ тілінің қазіргі жағдайы" тақырыбында жоба қорғалды. Жобаның мақсаты: тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Қазақ тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жобаны қорғар алдында оқушылар, тіл мамандары Мағжан Жұмабаев атамыздың "Қазақ тілі" өлеңін бейнебаяннан тамашалады. Осы іс-шараға 9-11- сынып оқушылары қатысты. Жобаны 9-сынып оқушылары: Рыскелді Ақан мен Норғожа Айғаным қорғап шықты. Іс-шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, қазақ тілінің қазіргі жағдайы туралы өз ойларымен бөлісті.