Қазақ "қарттар – үйдің қазынасы" деп, үлкенді құрметтеген. Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. "Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең" деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. "Төріңнен қарт кетпесін" деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де бар, бірақ сиреп барады. Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше. Ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те ерек болып, бүкіл елдің мақтанына айналатын. Қазақ әжесінің керемет образын қалыптастырған бірегей тұлға – Абайдай дананы тәрбиелеген Зере әжесі болатынды. Халықаралық қарттар күніне орай №2 Бескөл орта мектебі кітапханасында 3 "А" сынып оқушыларымен "Қарты бар ел - қазыналы ел" атты кітапханалық сергіту сәті өтті. Іс-шара барысында балалар Қарттар күні туралы мағлұмат алып, ата-әжелеріне арнап өлең жолдарын оқыды. Шағын викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімділігі мен тапқырлықтарын көрсетті.