Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымыз бен апаларымыздың мерекесін жылда атап өтіледі. Бүгін мектебімізде қарттар күніне «Жылы жүрек, жылы тілек» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсат - өскелең ұрпақтың қарияға деген құрметін арттыру.
Осы мектепте бұрында жұмыс істеген, қызмет атқарған апайлар мен ағайлар мектебіміздің ардагер ұстаздары мектепке шақырылып, оқушылар мен мектеп мұғалімдері қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі қарттарды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін білдірді. Барлық жасаған сый – сияпаттарымызға еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдірді.