Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қызылжар ауданының білім бөлімінің" «№2 Бескөл орта мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылына арналған бос лауазымға конкурс жариялайды:информатика мұғалімі - 21 сағат.
Конкурстың өтетін орны: «№2 Бескөл орта мектебі» КММ
Мекенжайы: СҚО., Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Спортивная көшесі 13А.
Анықтама телефондары: 87153820332, 87754065346, 87051195279.
Эл.мекен-жайы: Bishkul2@edu.kz
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес белгіленген мерзімдерге сәйкес өткізіледі.
Талаптар мен біліктіліктер:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары (ҚР БҒМ №338 бұйрығының 3-тарауының 6-параграфының талаптары негізінде); құжаттарды қабылдау мерзімі 15.08 бастап.-22.08.2023 ж.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Еңбек өтілі мен санатына қарай еңбекақы төлеу.
Өтініш үлгісі - https://bishkul2.edu.kz/assets/media/otinish-lgisi.pdf
Бағалау парағы - https://bishkul2.edu.kz/assets/media/baalau-paray.pdf