Биыл елімізде қоғамға еңбегі сіңген тұлғалар дүниеге келген атаулы даталар өте көп. Соған байланысты 2024 жылғы 25 қаңтар күні елімізде атаулы күндер мен мерейтойларға арналып "№2 Бескөл орта мектебі" кітапханасында 11 "Б" сынып оқушыларымен "Айтулы, атақты тұлғалар" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар 2024 жылғы мерейтой иелерімен, олардың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.