21.06.2023 ж. аудандық мәдениет үйінде мектеп бітіруші түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі өтті. Осыдан 11 жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпіл қағып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздар ойы толып, білім нәрімен сусындап жаңа өмірге қадам басты. Мектеп директоры Батанова Ботагоз Кеңесқызы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, түлектерге аттестат табыстады. Биылғы оқу жылында №2 Бескөл орта мектебінде 37 түлек бітіруде.
11 жыл бойы баласын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға деген алғысын ата-аналардың атынан Шаляпина Ольга Валерьевна жеткізді. Аналық ақ тілегін білдіріп, ризашылықпен алғыс айтты. Үлкен өмірге қадам басқан түлектердің сынып жетекшілері Бекжанова Анар Оразбайқызы және Комарова Ольга Владимировна оқушыларына сәттілік тілеп, ұстаз қауымына алғысын айтты. Сапалы білім беріп, кемел болашақ үшін еңбек еткен ұстаздарына, әрдайым қолдап, сенім білдірген ата-аналарына ризашылығын жеткізді.
Салтанатты жиын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты мектеп түлектерін «Мен жастарға сенемін» өлеңімен ақ жол тілеп шығарып салдық. Сәт сапар, жас түлек!Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын!Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз.