2023 жылдың 16 маусымы күні №2 Бескөл орта мектебінің түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті.
Негізгі орта білім алушы 32 түлектің арасынан Умурзакова Бикамаль және Кирилова Ангелина «Үздік аттестат» иегері атанды.
– "Бүгін Сіздер үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз. Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі де өздеріңіз. Тарихы тереңнен сыр шертетін Қызылжар өңірінің айбынын асқақтата беріңіздер. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деп мектеп директоры Батанова Ботагоз Кеңесқызы ізгі лебізін білдіріп, түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.
Салтанатты шараның соңы мектеп бітіруші түлектердің «Класстастар» әнімен жалғасты.