“Қарты бар үй –қазыналы үй“, Ескінің өзін, көненің көзін көрген асыл қарттарымыз қашан да біз үшін ортаймас қазына.
Олардың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Ата-әжелеріміздің өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Қазақстанның өсіп – өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымызды 3 «А» сынып оқушылары сынып сағатына шақырып құрмет көрсетті. Оқушылар ән айтып, би билеп ата-әжелерін қуантты. Ата-әжелері келешек ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, баталарын берді.Келген қонақтарды мектеп директоры Батанова Б.К. құттықтап, оқушылардың тәрбиесіндегі олардың алатын орны ереше екенін айтты. Кездесу тәтті дастархан басында жалғасты. Ата-әжелер немерелеріне және сынып жетекшісі Кокушева С.А. -ға алғыстарын айтты.
т