Ұлттық құндылық бағытында "Төрт тоқсан, төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында І тоқсан айтыс өнеріне арналып отыр. Соған орай мектебімізде кеш өтті. Кешке өңірімізге танымал, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломаты, Республикалық "Шешендік өнер" байқауының жүлдегері, "Мағжан көктемі" байқауының және де түрлі Республикалық ақындар айтысының қатысушысы Аманжол Зағыпар мырза келіп, оқушыларға өзінің ақындық жолы, айтыс, айтыс өнері туралы ой бөлісті. Оқушылар да ақын ағаларына сұрақ қойды. Кеш өте тартымды, тәрбиелік мәні зор кездесулердің бірі болды.
#Біртұтас_тәрбие