9 қараша күні № 2 Бескөл орта мектебінде 2 " Б "сыныбында "Алтын сақа" сынып сағаты өтті. Балалар асық ойнауды үйренді. Асық ойнау-бұл жай ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, балалардың логикалық ойлауына оң әсер ететін спорт. Әрқайсымыз халықтың мәдени мұрасын сақтауға,салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосуымыз керек. Балалар жаттықтырушысының жетекшілігімен ұлттық ойындар мен дене шынықтыру сабағында қуана ойнады.