"Төрт тоқсан -төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында біздің мектепте 10-11 сынып оқушыларымен "Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараның мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясының мұраттары мен оған қол жеткізудің тарихи құндылықтарын оқушыларға жан-жақты таныстыру. Еліміздің болашағы ретінде «Мәңгілік Елдің» кешегісі, бүгіні мен ертеңі үшін қажет патриоттық тәрбие мен адамгершілік, Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту. Дөңгелек үстел тәрбиелік мәні зор іс- шаралардың бірі болды.

#Біртұтас_тәрбие