«Барлығы отбасынан басталады. Біз біргеміз» атты тренинг өткізді
«Барлығы отбасынан басталады. Біз біргеміз» атты тренинг өткізді
«Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» психологиялық онкүндігі аясында психолог Ибраева А. К. балалар мен ата-аналарға арналған «Барлығы отбасынан басталады. Біз біргеміз» атты тренинг өткізді. Іс-шара отбасылық қарым-қатынас құндылықтарын сақтауға және ата-аналар мен балаларды жақындастыруға бағытталған. Психолог белсенді ойындар мен жаттығулар арқылы ата-аналар мен олардың балаларының арасында жағымды көңіл-күй қалыптастырып, отбасындағы жылы қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етті.Іс-шараның соңында бейнебаян тамашалап, ата-аналар өз балаларымен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болып, оларға қолдау көрсетіп, дос сияқты болу керек деп ой қорытындылады.