Ұлттық құндылық бағытында "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени- ағартушылық жоба аясында I тоқсан айтыс өнеріне арналып отыр. Осыған орай мектебімізде оқушылар арасында аудандық айтыс сайысы өтті. Осы аталған сайысқа ауданымыздың біршама мектептерінен оқушылар қатысып, өз бақтарын сынады.
Қазылар алқасы сайыскерлердің сөз байлығына, айтыста қарсыласына қалай жауап қайтаратынына, актерлық қабілетіне, домбыраны қалай меңгергеніне қарап өз бағасын берді. Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие